ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин дауыс берді

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат- Елордадағы «Астана» концерт залында орналасқан №138 сайлау бөлімшесіне ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысы аталған сайлау учаскесінде тіркелгенін растап, бюллетень алып, дауыс берді.

Учаскеде санитарлық нормалар барынша мұқият сақталған. Жауапты мамандар әрбір адамның дене қызуын өлшеп, медициналық маска, қолғаптың болуын тексеруде. Әлеуметтік қашықтықтың сақталуы да сәт сайын ескертіліп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған болатын.

Бүгін 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.
Соңғы жаңалықтар