+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшысымен кездесті

2019 жылғы 3 қыркүйек 15:08
Бөлісіңіз:
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшысымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Шеврон» (Chevron) компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы М. Уиртпен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимылдың келешегі мәселелерін талқылады. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Үкімет басшысы соңғы жылдары Қазақстан «Шеврон» компаниясымен тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Асқар Мамин жүзеге асырылып жатқан жобалардағы компанияның сатып алуларындағы жерігілікті қамту үлесін арттыруға қызығушылық бар екенін жеткізді.

Тараптар құны $36,8 млрд құрайтын «Теңізшевройл» (ТШО) келешекте кеңейту жобасын талқылады. Жобаны 2022 жылы аяқтау ТШО табысын жылына 12 млн тоннаға арттырады.

М.Уирт «Шеврон» компаниясы туралы ақпарат беріп, компанияның Қазақстан аумағындағы жобаларының өнімділігін атап өтті.

Қазақстанның Шевронмен ынтымақтастығы мына жобалар аясында жүзеге асырылуда: Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий құбыр консорциумы (15%). «Шеврон» энергия тасымалдаушыларды өндірумен және тасымалдаумен қатар, Атырау полиэтилен құбырлары зауыты (АПҚЗ) және Атырау құбыр желісі арматуралары зауыты (AҚАЗ) және т.б. жұмысын қамтамасыз етеді.

Кездесуге ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы А. Айдарбаев және Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT