ҚР Премьер-Министрі әлемдік қоғамдастықты энергетикалық қауіпсіздік проблемасын бірлесе шешуге шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Энергетикалық қауіпсіздік проблемасын әлем елдері бірлесе шешуі тиіс. Бұл туралы бүгін Астанадағы Энергетикалық хартия конференциясының 25 сессиясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Энергетикалық қауіпсіздік біздің дәуірдің негізгі проблемаларының бірі. Экономикалық өсім энергетикалық ресурстарға сұраныстың артуына ықпал етеді. Біздің ойымызша, қызметтің осы бағытына, сондай-ақ қайта қалпына келетін жаңа энергия көздерін іздестіруге алдағы жылдары маңыздылық артатын болады. Кез келген компания мен мемлекет осы проблеманы жалғыз шешуге қауқарсыз. Біз осы қатерлерге бірлесе әрекет етуіміз қажет»,-деді Үкімет басшысы.

Осы орайда К. Мәсімов бұл тұрғыда Қазақстанның барлық үдерістерге белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін елімізде елеулі күш-жігер жұмсалып жатқандығын атап өтті.

«Қазақстан Шығыс пен Батыстың маңызды серіктесі ретінде, яғни екі арадағы көпір ретінде еліміз энергетикалық тізбекте маңызды орын алады. Біз энергия тасымалдары бағыттарын әртараптандыруға ұмтылудамыз»,-деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар