ҚР Парламенті Сенатының төрағасы украиналық әріптесімен кездесті

None
None
НКТ-ПЕТЕРБОР. 9 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Санкт-Петерборға сапары барысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Украина Жоғарғы Радасының төрағасы Владимир Литвинмен кездесті.

Жүздесу барысында мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар жайында әңгіме болып, парламентаралық байланысты тереңдете түсу мәселелері қозғалды. Өз сөзінде Сенат төрағасы қазақстандық-украиндық қарым-қатынас өзара түсіністік пен сенімнің жоғары деңгейімен сипатталатынын атап өтті.

Бұл ретте екі мемлекет арасындағы сауда айналымы ағымдағы жылы айтарлықтай деңгейге артып отыр.

«Астана мен Киев қарым-қатынасы бағытындағы парламентаралық байланыс пен заң шығармашылығы бойынша тәжірибе алмасудың маңызы зор. Бұл ретте Қазақстан мен Украина парламентшілерінің ТМД ПА, ЕҚЫҰ ПА шеңберіндегі көпжақты форматта белсенді әрекет етіп отырғанын атап өткім келеді», - деді Сенат төрағасы Қ.Мәми.

Сонымен қатар, спикер әңгіме барысында екіжақты байланыстың маңызды факторы ретінде елімізде тұрып жатқан украин диаспорасына маңыз бөліп, оның мемлекеттер арасында «тірі көпір» бола алатынын еске салды.

Сонымен қатар, сөз арасында Сенат төрағасы Украинаны 2013 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімен құттықтады. «Қазақстанның 2010 жылы аталмыш беделді ұйымға төрағалық етудегі жинақтаған тәжірибесі айтарлықтай. Біз бұндай тәжірибемен украиналық әріптестерімізбен бөлісуге әрқашан да дайынбыз», - деді спикер.

Соңғы жаңалықтар