ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы кеңесінің төрағасы Анатолий Рубиновпен кездесті

None
None
НКТ-ПЕТЕРБОР. 9 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Санкт-Петерборға сапары барысында Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы кеңесінің төрағасы Анатолий Рубиновпен кездесті.

«Беларусь елі посткеңестік кеңістікте Қазақстанның негізгі әріптестерінің бірі, сондықтан да мемлекеттеріміздің ынтымақтастық деңгейі де жоғары болып табылады, оның ішінде Кедендік одақ шеңберінде екі ел бірқатар ауқымды бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Жалпы Кедендік одақ бизнес жүргізу үшін үлкен перспективалар ашатынын дәлелдеп берді. Мәселен, өткен үш жылда Қазақстанның Ресейге экспорты 38 пайызға, Беларусь еліне 2,5 есеге артты», - деді Қ.Мәми кездесу барысында.

Сонымен қатар төраға елдер арасындағы өңірлік ықпалдастықты алға жылжыту мәселелері жоғары бағаланатынын атап өтті. Сондай-ақ, екіжақты байланысты дамытудың парламентаралық құрамының маңызына тоқталған спикер ТМД ПА, ЕурАзЭҚ ПА және ҰҚШҰ ПА шеңберінде қарым-қатынастарды одан әрі жандандыра түсуге назар аударды. Бұдан бөлек, кездесу барысында парламентаралық байланысты дамыту мәселелері де қозғалды. Тараптар өңірлік интеграция бағытындағы қазақстандық-беларустық өзара қарым-қатынасты жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар