ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ақмола облысының халқын мерекемен құттықтады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Светлана Жалмағамбетова мен Жабал Ерғалиев барша ақмолалықтарды келе жатқан 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Құттықтауда: «Баршыңызды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз. Биылғы бұл мерекені барша қазақстандықтар аса зор сезіммен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып отыр. Жуырда болып өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің бірлігі мен берекесін сақтаудағы барлық қазақстандықтардың күш-қайраты, ақыл-парасатының арқасында еліміз тәуелсіздік жылдары тарихи жолдан өткендігін атап көрсетті. Елдің бірлігі, халықтар арасындағы ынтымақты сақтау барша қазақастандықтардың абыройлы парызы болып саналады. Біз еліміздегі бірлікті сақтай отырып қана «Қазақстан-2050» даму стратегиясында Елбасы алға қойып отырған басты міндет әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосыларымыз анық.

Біздің Ақмола облысын мекендеп отырған барша ұлттар мен ұлыстардың арасындағы жарасымды достықты одан әрі нығайтып, сақтау қажеттігін айқын сезіну арқылы, ілгері дамырымыз анық. Сіздердің баршаларыңызға зор денсаулық, отбасының аманшылығын, жақсылықтар мен табыстар тілейміз. Тәуелсіз еліміздің одан әрі гүлдене түсуі үшін еңбек етіп, бірлігімізді нығайта берейік!» , - делінген.

Соңғы жаңалықтар