+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды

2021 жылғы 1 қыркүйек 11:02
Бөлісіңіз:
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент үйінде өтіп жатқан іс-шара республикалық барлық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Бүгінгі жиынға Мәжілістің 107 депутатының 102-і және Сенаттың 49 депутатының 47-сі қатысып отыр.

Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысуда.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары да отырысқа келген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT