ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Түркістан облысы жұртшылығымен кездесті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Отырар ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Н.Сабильянов пен М.Ерман, Ш.Өтемісов пен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасовтар барды.

Бірнеше күннен бері аймақтағы тұрғындармен жүздескен халық қалаулылары ауылдардағы жұрттың тыныс- тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттар Отырардағы Шілік, Қарақоңыр және Шәуілдір ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, арнайы жиын өткізді. Келелі басқосуда сөз алған халық қалаулылары Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жаңадан қабылданып жатқан заң жобалары жөнінде тұрғындарға жан-жақты түсінік берді. Қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде көпшілікпен пікір алмасты.

Жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды мазалаған проблемаларды өздерінің назарында ұстайтындықтарын жеткізді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Nur Otan» ХVIII съезінде айтқан тапсырмалары бойынша тұрғындарды баспанамен қамту, жалақы мен жәрдемақыны ұлғайту, еліміздегі білім, денсаулық сақтау салаларын одан әрі дамыту, көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсету, қоғамдағы жұмыссыздықты азайту мәселелеріне ерекше тоқталған халық қалаулылары, бірлік бар жерде ғана берекелі тірлік пен толағай табыс болатындығын ерекше атап өтті.

Кездесу жиынында сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаевтың берген тапсырмаларының ауданда кезең-кезеңімен орындалып жатқандығы жөнінде айтылды.

null

Дәл осындай кездесу Келес ауданында да өтті. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Байділда Жылқышиев аудан әкімдігінің жеке құрамымен Елбасының ХVIII съезінде берген тапсырмаларын талқылау бойынша жиын өткізді.

null

Абай ауылындағы №13 колледж жастарымен кездескен халық қалаулысын аудан әкімі Ақментай Есбаев және колледж басшылығы оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Депутат сондай-ақ, сапар барысында Біртілек ауылдық округінде орналасқан «Келес Пласт» ЖШС өндірістік алаңын аралап көрді. Аталған кәсіпорынның жұмысына оң бағасын беріп, кәсіпкердің жобаларына алдағы уақытта қолдау білдіретінін жеткізді.

null null null null

Соңғы жаңалықтар