ҚР ОСК төрағасы ТМД байқаушыларымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашев ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары - Атқарушы хатшысы Виктор Гуминскимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ортсайлаукомның Төрағасы ТМД–дан байқаушылар Миссиясының мүшелерін сайлаудың жарияланғанынан бастап дауыс беру күніне дейінгі үгіт жұмыстарының негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.


Виктор Гуминский өз кезегінде Берік Имашевқа кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, ТМД байқаушылар Миссиясының байқау әдістері мен принциптері туралы хабардар етті.

«Біздің кездесуімізден кейін, осы күннен бастап ТМД-дан келген байқаушылар Миссиясының Штабы Қазақстан Республикасындағы кезекті парламенттік сайлауын байқау жөніндегі өз жұмысын бастайды», - деді В. Гуминский.


ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Қазақстандағы сайлауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау бойынша үлкен тәжірибеге ие екенін атап өткен жөн. ТМД-дан байқаушылар Қазақстанда он төртінші рет байқау жүргізеді.


Соңғы жаңалықтар