+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

ҚР ОСК сайлауға қатысты қаулысына өзгеріс енгізді

2020 жылғы 20 қараша 15:49
Бөлісіңіз:
ҚР ОСК сайлауға қатысты қаулысына өзгеріс енгізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Саяси партияларды партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауға жіберу туралы қаулысына өзгертулер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Adal» партиясы мен Қазақстанның халық партиясы республикалық, сонымен қатар өңірлік деңгейде қайта тіркеуден өтті. Сондай-ақ «Adal» партиясы Түркістан облысындағы филиалын қайта тіркеуден және Шымкент қаласындағы филалын есептік тіркеуден өткізгенін атап өткен жөн. Осыдан бұрын партияның бұл өңірлерде сайлауға қатысуға рұқсаты болмаған. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының «Кейбір саяси партияларды партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауға жіберу туралы» қабылданған қаулыны қайта қарау қажет»,- деді ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашев.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы «Adal» саяси партиясы мен Қазақстанның Халық партиясын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы қаулы қабылдады.

«Осылайша «Adal» саяси партиясы мен Қазақстанның Халық партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауына жіберілді», - деді Берік Имашев.

Еске салайық, «Бірлік» саяси партиясының атауы – «Adal», Қазақстан коммунистік халық партиясының атауы «Қазақстанның халық партиясы» болып өзгерді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT