ҚР ОСК Мәжіліске Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс енгізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісіне Нұрлан Нығматулиннің өкілетігін тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.



Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Төрағасы

Н. Әбдіров

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

хатшысы


А. Щегорцова


Нұр-Сұлтан қаласы,

2022 жылғы 1 ақпан,

№ 8/444



Соңғы жаңалықтар