ҚР ОСК интернетте сауалнама жүргізуге қатысты ескерту жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Интернет желісінде әлеуметтік сауалнама жүргізу жағдайларының жиілеуіне байланысты заңнама талаптарын сақтау қажеттілігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуде кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін Орталық сайлау комиссиясына жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып, жүргізуге құқылы.

ОСК-ға жіберілетін хабарда сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы; қоғамдық пікірге сауал жүргізілетін өңірлер туралы; қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялауға жол берілмейдi.

Бүгінгі күні әлеуметтік зерттеулерді жүргізу туралы тиісті түрде ресімделген хабарлар Орталық сайлау комиссиясына екі ұйымнан ғана: «Қоғамдық пікір» институты қоғамдық бірлестігінен және «Жастар» Ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-нен келіп түсті.

Соңғы жаңалықтар