ҚР ОСК халықаралық байқаушыны аккредиттеу туралы қаулының күшін жойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі миссиясының байқаушысы Александр Джон Фолксты аккредиттеудің күшін жою туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның атап өтуінше, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеудің күшін жоюды Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі миссиясының хатының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы негізінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі миссиясының байқаушысы Александр Джон Фолксты аккредиттеудің күшін жою және куәлігін кері қайтарып алу туралы қаулы қабылданды.
null

Осыған орай «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 6 мамырдағы қаулысына тиісті өзгеріс енгізілуі тиіс. Аталған қаулымен 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген халықаралық ұйымдар байқаушыларының тізімінде: «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі Миссиясы» бөлімінде реттік нөмірі 40 «Alexander Jonh Folkes» деген жол алынып тасталсын», - деді З.Баймолдина.

Соңғы жаңалықтар