ҚР ОСК 29 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауына 29 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 22 қазанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанына орай халықаралық бақылау институтын ашты. ҚР Сыртқы істер министрлігі сайлауды байқауға қатысу үшін 11 халықаралық ұйымға тиісті шақырулар жіберді. Сонымен бірге екіжақты негізде ҚР Орталық сайлау комиссиясы 25 шет мемлекеттің Орталық сайлау комиссияларына шақырулар жіберіп отыр. ҚР Конституциялық заңның 20-2-бабына сәйкес шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша жүзеге асырады», - деді А.Щегорцова ОСК отырысында.

ҚР ОСК мүшесінің айтуынша, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан 29 байқаушыны аккредиттеуге ұсынған.

«Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар бойынша деректер жаңартылатын болады», - деді ол.

Осыдан кейін ҚР ОСК мүшелері барлық 29 байқаушыны аккредиттеу туралы қаулыға бірауыздан қолдап дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар