Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.18 EUR 426.14
RUB 5.98 CNY 54.86
Jańalyqtar

ҚР ОСК 123 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

2019 жылғы 24 мамыр 15:38 889
Бөлісіңіз:
ҚР ОСК 123 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін  ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға 123 байқаушыны аккредиттеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Михаил Бортник: Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде маңызды мәлімдеме жасады Ұлықталған Президенттің бағдарламасы елдің үдесінен шығады - Мұрат Бақтиярұлы

ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, 2019 жылғы 6, 13 және 21 мамырда Орталық сайлау комиссиясы 125 байқаушыны аккредиттеген. Оның ішінде 109 байқаушы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясынан, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы мен Ислам ынтымақтастық ұйымынан, ал 16 байқаушы Армения, Болгария, Грузия, Малайзия, Молдова, Латвия, Ресей Федерациясы және Түркияның орталық сайлау органдарының өкілдері.

Ал 2019 жылғы 2 және 23 мамырда Сыртқы істер министрлігінен бірқатар Миссиялардың байқаушыларын аккредиттеуге ұсыныстар келіп түскен

«19 байқаушы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының құрамында, 24 байқаушы Шанхай ынтымақтастық ұйымынан байқаушылар Миссиясының құрамында, 10 байқаушы Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясынан,  63 байқаушы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламентаралық Ассамблеясынан. Сонымен қатар Әзербайжан, Беларусь, Латвия және Моңғолияның орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылатын шет мемлекеттерден 7 байқаушы ұсынылып отыр. Бүгінгі күні 123 байқаушының барлығы аккредиттеуге шығарылды», - деді ол.

Айта кетейік, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2019 жылғы 3 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырады.

Жалпы бүгінгі күнге дейін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден тіркелген байқаушылар саны  248 адамды құрайды.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сайлау 2019, Парламент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT