ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әкімшілік соттардың санын біртіндеп 300-ге дейін жеткізуді ұсынды

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын ескере отырып, ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту» тақырыбында өтіп жатқан конференцияда  ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев Әкімшілік соттардың санын біртіндеп 300-ге дейін жеткізуді ұсынды,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның пікірінше, адам құқықтарын қорғау бағытында «Азаматтардың әділ сотқа қол жетімділігі туралы», «Соттардың қызметі жөніндегі ақпаратқа қол жетімділік туралы», сондай-ақ «Мамандандырылған соттар туралы» заңдарды әзірлеу қажет.

 Әкімшілік сот бойынша сөз қозғаған ол, бүгінде бұл соттар әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген азаматтардың ісімен айналысатынын, осы орайда аталған сотта қаралатын мәселелердің арнасын басқа бағыттарға бұру керектігін ұсынды.

 «Атап айтқанда, бұл соттарға азаматтар  заңсыз іс-қимылдарға барған алақол шенеуніктердің әрекеттеріне шағымдана алар еді. Онда басқарушы органдарға келіп түсетін хаттар жергілікті жерлерде осындай соттарда қарастырылар еді. Осыған байланысты 31 әкімшіліктің соттың орнына, бірте-бірте олардың санын ел бойынша 200-300-ге дейін жеткізудің мәні бар шығар», деді М. Сәрсембаев.

Соңғы жаңалықтар