19.03.2023 12:17 12.00-дегі жағдай: Қазақстандықтардың 30,65 пайызы дауыс берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, сайлаушылардың 30,65 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 08:15 Барлық 10 164 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды - ОСК АСТАНА. ҚазАқпарат – 10 164 сайлау учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 07:25 Сайлау: Елдегі 8,2 мың учаскеде дауыс беру басталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміз өңірлеріндегі 8 272 учаскеде дауыс беру басталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2023 21:15 ОСК мүшелері шет мемлекеттердің орталық сайлау органдары өкілдерімен кездесті АСТАНА. ҚазАқпарат – 18 наурызда Орталық сайлау комиссиясы мүшелері шет мемлекеттердің орталық сайлау органдары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сайтына сілтеме жасап.
18.03.2023 17:05 Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесулер өткізді АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 17-18 наурызда халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сайтына сілтеме жасап.
17.03.2023 18:36 Қазақстанда депутаттық корпус жасарып келеді – ШЫҰ АСТАНА. ҚазАқпарат – Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов еліміздегі сайлау барысын бақылаудағы аталған ұйымның миссиясы туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 16:43 Біз үшін Қазақстандағы сайлау тәжірибесі қызық – Беларусь өкілі АСТАНА. ҚазАқпарат – Беларусь үшін Қазақстанның депуттар сайлауын өткізу тәжірибесі қызық. Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Беларус Республикасы Ұлттық жиналысы өкілдер палатасының қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Александр Маркевич айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 16:40 Сайлау күні 45 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 наурызда Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау күні 45 мыңнан астам тәртіп сақшысы қоғам тыныштығын қадағалайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайрат Сұлтанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 16:32 Көру қабілеті нашар сайлаушыларға жағдай жасалады – ОСК АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлауы күні мүгедектігі бар жандарға тиісті жағдай жасалады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 15:12 Сайлау: Үгіт-насихат барысында БАҚ-тар қандай заң бұзушылыққа жол берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны барысында БАҚ беттеріне жарияланған материалдарда қандай заң бұзушылықтарға жол берілді? Бұл жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 12:15 Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар сотқа 166 арыз түсірген АСТАНА. ҚазАқпарат – Сайлау науқаны барысында кандидаттар сотқа шағымданып, 166 арыз түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 18:08 ОСК кейбір кандидаттарды тіркеуден бас тартуға қатысты түсінік берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров үміткерлерді кандидаттыққа тіркеуден бас тарту немесе тіркеуден шығаруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 21:03 Мәжіліс сайлауы: Сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертеңнен бастап 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына орай қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялауға тыйым салынады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 20:16 Мәжіліс сайлауы: ОСК 27 ұйымды ұлттық байқаушы ретінде тіркеуден бас тартты АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс сайлауына 27 ұйымды ұлттық байқаушы ретінде тіркеуден бас тартты. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 20:03 Сайлау: 10 қоғамдық бірлестік республиканың барлық аумағында байқау жүргізеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауында 10 қоғамдық бірлестік республиканың барлық аумағында байқау жүргізеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 19:26 Мәжіліс сайлауында алғаш рет ұлттық байқаушылар аккредиттелді АСТАНА. ҚазАқпарат – Наурыздың 19 күні өтетін кезектен тыс Мәжіліс депутаттарын сайлауда алғаш рет ұлттық байқаушылар аккредиттелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 18:51 Мәжіліс сайлауын 793 шетелдік байқаушы қадағалайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс сайлауын 793 шетелдік байқаушы қадағалайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 18:43 Сайлау: Шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс депутаттарын сайлауға шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 18:29 Сайлау: ОСК 473 шетелдік байқаушыны тіркеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс сайлауын тағы 473 шетелдік байқаушы қадағалайтын болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 16:34 Түркістанда Орталық сайлау комиссиясы төрағасының қатысуымен көшпелі семинар-кеңес өтті ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласында 19 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау мәселесі бойынша ҚР ОСК мүшелерінің қатысуымен көшпелі семинар-кеңес өтті. Аталған шараға ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.