13.10.2022 11:41 Хайрулла Ғабжалиловтың кандидатурасы заң талаптарына сәйкес келмейді - ОСК АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Хайрулла Ғабжалиловтың ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» заңында қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.10.2022 11:13 Ақылбек Күрішбаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.10.2022 21:00 Сенатор Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі тоқтатылады АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.10.2022 20:16 ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдады АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға сай келетіндігін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.10.2022 19:38 Жұматай Әлиевтің кандидатурасы заң талаптарына толық сай келеді - ОСК АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетінін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.10.2022 19:06 «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінді АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына үміткер Нұржан Әлтаевты кандидат ретінде тіркеуді тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.10.2022 10:03 ОСК президенттікке үміткер неше адамның құжаты кері қайтарылғанын айтты АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ҚР Президенттігіне үміткер болуға ниет танытқан неше адамның құжаты кері қайтарылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.10.2022 09:40 Президент сайлауы: 12 үміткердің нешеуі ОСК талабына сай АСТАНА. ҚазАқпарат – Кезектен тыс президент сайлауына 1 ай 10 күндей уақыт қалды. Кеше ҚР Президенттігіне кандидат ұсынуға берілген уақыт түгесілген болатын. Үміткер атанып үлгерген адамның саны – 12. Оның үшеуі әйел. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет үш бірдей әйел кандидат президент сайлауына қатысуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.10.2022 19:15 Қазақстан президенттігіне кандидат Фатима Бизақованың құжаттары қабылданды АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне үміткер Фатима Бизақованың құжаттары қабылданғанын растады. Кандидатты «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.10.2022 18:21 Президенттікке кандидат Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген - ОСК АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді білуі деңгейі бойынша емтихан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.10.2022 18:06 Үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат құжат тапсырды АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.10.2022 17:52 Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова ОСК-ға құжаттарын тапсырды АСТАНА. ҚазАқпарат - Салтанат Тұрсынбекова Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.10.2022 17:11 Оралмандардың «Асар» бірлестігі Хайролла Ғабжалиловты президенттікке ұсынды АСТАНА. ҚазАқпарат - Тағы бір үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.10.2022 11:33 Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.10.2022 20:27 ОСК-ға тағы бір кандидаттың құжаттары түсті АСЬАНА. ҚазАқпарат - Ортсайлаукомға Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.
10.10.2022 18:17 ОСК: Қарақат Әбден мемлекеттік тілді жетік біледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында Қарақат Әбден мемлекеттік тілді білуі деңгейі бойынша емтихан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.10.2022 18:00 Талғат Ерғалиев президенттікке үміткер ретінде құжаттарын тапсырды АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясына Талғат Файзуллиұлы Ерғалиевтің Қазақстан Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09.10.2022 12:02 Сайлау: ОСК Жигули Дайрабаевтың талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ҚР президенттігіне ұсынылған үміткер Жигули Дайрабаевтың талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.10.2022 11:16 «Ауыл» партиясынан кандидат Жигули Дайрабаев талаптарға сай - ОСК АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында ҚР президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаевтың талаптарға сай екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.10.2022 19:54 Сайлау: ОСК Мейрам Қажыкеннің талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.