ҚР-ның өңдеуші секторы инвестиция тартуда ең жоғары көрсеткішке жетті - М.Пішембаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы экономиканың өңдеуші секторы елімізге инвестиция тартудың ең жоғары көрсеткішіне жетті, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев еліміздегі индустриялық-инновациялық саясат жөніндегі брифинг барысында. Бұл туралы Үкімет басшысының сайты хабарлады.

«2015 жылы экономиканың өңдеуші секторы елімізге инвестиция тартудың ең жоғары көрсеткішіне жетті, бұл осы сектордың басқа елдерге қызықты екенін білдіреді», - деді М.Пішембаев.

Оның айтуынша, өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 5 жыл ішінде 1,9 есеге артып, ал өндіріс сыйымдылығы орташа есеппен алғанда 10 пайызға қысқарды.

«Алдыңғы 5 жылмен салыстырғанда соңғы бес жылда өңдеуші секторға 2,9 есе көп инвестицияны тарттық. Экспорт өнімінің номенклатурасы 1815 позициядан 2534-ке ұлғайды», - деді ол.

Депутат айтып өткендей, Қазақстанның ЕАЭО-ға және ДСҰ-ға енуі қазақстандық тауарларды экспорттауға, бірлескен өндірістер құруға, инвестициялар тартуға, сауда жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

М.Пішембаевтың пікірінше, барлық күштерді шоғырландыру 2019 жылдың соңына қарай өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 30-40%-ға, экспорттық тауарлар айналымын 4 млрд. долларға дейін арттыруға, өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына 8,6 трлн. теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар