Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

ҚР МКК контрагенттерді тексеру сервисінің неліктен ақылы болғанын түсіндірді

2022 жылғы 21 маусым 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері «Атамекен» ҰКП-ның контрагенттерді тексеру сервисінің ақылы болғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Бизнес-серіктестердің тізілімі» ақпараттық жүйесі Үкіметтің 2020 жылғы 10 шілдедегі кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде «тиісті сақтық қағидатын енгізуді қамтамасыз ету және контрагенттерді дербес тексеру үшін бизнес субъектілері бойынша ашық интеграцияланған деректер базасын құру» тармағымен құрылды.

«Тиісті сақтық» қағидатының мақсаты - контрагентті таңдау кезінде кәсіпкерлердің қырағылығын арттыру және бір күндік фирмаларды жою.

Бұл жобаның бастамашысы «Атамекен» ҰКП, сонымен қатар, мәліметтер үшін ақы алу мәселесі де осы аталған мекеменің құзырында.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы «Бизнес-серіктестердің тізілімін» құрады және жүргізеді.

​Мемлекеттік кірістер комитеті өз жағынан салық құпиясын сақтай отырып, индикаторлар түрінде салық төлеушілер бойынша мәліметтерді беруді ғана жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Комитеттің сайтында санаттарға бөлу нәтижелері бойынша салық төлеушінің тәуекел дәрежесін тексерудің тегін сервисі бар.

Аталған мәселе бойынша, Мемлекеттік кірістер комитеті қандай да болмасын ақылы қызметтер көрсетпейді.

Салық төлеушіге қатысты және салық құпиясына жатпайтын барлық мәліметтер Комитеттің ресми сайтында жарияланады.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар