ҚР мен РФ жолшылары «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізінің құрылысын талқылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың РФ Көлік министрлігі «Росавтодор» Федералдық жол агенттігінің басшысы Роман Старовойт және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаевпен кездесуі өтті.

Кездесудің қатысушылары ҚР-ның ИДМ мен РФ-ның Көлік министрлігінің арасында әзірленіп отырған «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трансқұрлықтық автомобиль күре жолы жобасын іске асыру аясында Ақтөбе қаласынан Орынбор қаласына дейін автомобиль жолының түйісу учаскесін салу бойынша бірлескен әрекеттері туралы келісімді талқылады.

Б. Сапарбаев қонақтарды аймақтағы күре жолдардың жағдайы мен жол құрылысы саласындағы жобалар туралы ақпараттандырды.

«Жалпы алғанда, Ақтөбе облысы күре жолдарының ұзақтығы 4300 шақырымды құрайды, соның ішінде 1868 шақырым - республикалық маңызы бар жолдар. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің арқасында көлік ағыны, тауар айналымы өсті, және ең бастысы - аймақтың елді мекендерінің арасындағы жолдардың жағдайы жақсарды», - деді өңір басшысы.

Облыс әкімі аймақта «Ақтөбе-Ор», «Ақтөбе-Атырау» және «Орталық-Батыс» күре жолдарының құрылысы туралы айтып берді. Ол 2016 жылы Астрахань қаласына шыға алатын «Ақтөбе-Атырау» күре жолының құрылысы басталатынын хабарлады. Бұл жол тек Ресей Федерациясымен ғана емес, Әзербайжан және Иранмен көліктік қатынасты ретке келтіреді. «Ақтөбе-Ор» көлік жолы облыс пен Жайық, Ресейдің Орталығы және Солтүстігі арасындағы жүк және жолаушылар тасымалын біршама арттырады.

Ресей ведомствосының басшысы Роман Старовойт «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Ресей Федерациясы аумағындағы құрылысының барысы туралы айтып берді. Ол 2016 жылы «ҚР шекарасы - Орынбор қаласы» күре жолы учаскесінің құрылысы басталатынын, «Астрахань-Тамбов-Мәскеу» күре жолын салу жоспары туралы баяндады.

Соңғы жаңалықтар