ҚР мен РФ бизнес құрылымдары шекара маңы ынтымақтастығының түйткілді мәселелеріне мониторинг жүргізеді (ФОТО)

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қазақстандық-ресейлік «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» халықаралық көрмесі ашылды.

Көрмеге Қазақстан, Ресей және Польшаның 165 бизнес құрылымдары қатысуда. Үш күн ішінде кәсіпкерлер бірлескен жобаларды талқылайтын болады. Сондай-ақ олар Кедендік одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік жағдайында шекара маңы ынтымақтастығының түйткілді мәселелеріне мониторинг жүргізеді.

Көрме бағдарламасында семинарлар, дөңгелек үстелдер және таныстырылымдар ұйымдастыру көзделіп отыр. Алғашқы күні Ақтөбе қаласы индустриялық аймағының және «Спецтехника» компаниясының тұсаукесері өтті, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей сауда желілері өкілдерінің іскерлік кездесуі болды.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында ресейлік бизнестің қатысуымен үш жүзге жуық кәсіпорын жұмыс істеуде. Тек биылғы жылы елуге жуық бірлескен кәсіорын құрылды.

Соңғы жаңалықтар