ҚР мен ҚХР мұнай бағасының өзгеруіне байланысты макроэкономикалық саясатты келісіп жүргізеді - К. Мәсімов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен ҚХР энергия тасымалдаушыларға, шикізатқа бағаның өзгеруі

тұрғысында келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізуге келісті. Бұл туралы бүгін Астанада ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның қатысуымен өткен келіссөздерден кейін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті. «Бүгінгі шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің аясында біз шын мәнінде екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың барлық қырын талқылаудан өткіздік. Қазақстан Республикасы Жiбек жолының экономикалық белдеуі бағдарламасын қолдайды. Оны 2013 жылы Қазақстанға сапары кезінде ҚХР Төрағасы Си Цзипинь жариялаған болатын. Бұдан бір ай бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа өз Жолдауында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттын жариялады. Атап айтқанда, Жібек жолы және «Нұрлы жол» бағдарламалары бірін-бірі өзара толықтырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге мүмкіндік береді», - деді К. Мәсімов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада ҚР Ұлттық экономика министрлiгi мен ҚХР Даму және реформалар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi арасындағы «Жiбек жолының экономикалық белдеуiн» бiрлесiп құруды iлгерiлету туралы хаттамаға қол қойылды.

ҚР Үкімет басшысы бүгін маңызды бірқатар үкіметаралық және мемлекетаралық құжаттарға қол қойылғандығын, сонымен қатар бірқатар өте маңызды келісімшарттар бекітілетіндігін, бұл өз кезегінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсетіндігін атап өтті.

«Біз бүгін әлемдегі өзгеріске ұшыраған экономикалық жағдайларда , энергия тасымалдаушыларға, шикізатқа бағаның өзгеруі тұрғысында келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізетінімізге келістік және тиісті ведомстволар арасында консультациялар жүргіземіз», - деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар