ҚР мен АҚШ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты өзара көмекке жүгінетін болады - И.Меркель

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің айтуына қарағанда, шарттың ережелеріне сәйкес, Қазақстан мен АҚШ өзара тергеп-тексеруге, қылмыстық қудалауға және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты өзара көмектерге жүгіне алатын болады. Сонымен қатар, тараптар қылмыстық істерге қатысты талқылауға байланысты бір-біріне өзара көмек көрсетеді.

«Қазақстан үшін бұл шарт үлкен серпіліс тудырады. Өйткені, Қазақстан - Америка Құрама Штаттарымен осындай сипаттағы шарт жасасқан Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекет. Жалпы, АҚШ-та сотталғандарға құқықтық қызмет көрсету, ұсталғандарды экстрадициялау мен сотталғандарды беру туралы үш америкааралық келісімі бар. Осы шарт арқылы Қазақстан сол үш Америкаралық конвенцияларға қосылу жөніндегі іс-қимылдарды бастай алады», - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар