ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Қабдолла Шыңғыс Қайыпұлы тағайындалды. Бұл туралы аталған өңір әкімдігінің мәліметінде хабарланды.

Шыңғыс Қайыпұлы 1978 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген.

Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қаржы полициясы академиясын, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылдан бастап Алматы облысы Жамбыл ауданы бойынша Салық комитетінің жетекші салықтық инспекторы қызметінен бастады. Қаржы полициясы жүйесінде қызмет етті.

2009-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінде инспектор болды. 2011 жылдың қазанынан осы уақытқа дейін аталған бөлімде сектор меңгерушісі лауазымын атқарды.

Соңғы жаңалықтар