ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 147 маманды қысқартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде 147 кадр қысқартылды. Бұл жөнінде ведомство алқасының кеңейтілген отырысында агенттік төрағасы Алик Шпекбаев баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек ақысын төлеудің жаңа жүйесі көптеген өзгертулерге жол ашты. Басым көпшілігіңіз ұйымдағы 80 пайыз жұмысты қызметкерлердің 20 пайызы жасауы тиіс тәртіпті білесіздер. Бұл мемлекеттік қызмет үшін де әділетті деп ойлаймын. Жарты жыл бұрын бос орындар мен мораторийдің арқасында агенттіктің орталық аппараты қызметкерлерінің 30 пайызы, аймақтық бөлімшелерінде 10 пайызы іске қосылды және бұл көрсеткішті 20 пайызға жеткізу ойда бар. Кеше біз басшылармен алдын ала кездесіп, шешімі әлі табыла қоймаған маңызды мәселелерді талқыладық. Жалпы, бұл бағытты қолдаймыз. Барлық қаржы, үнемдеу де еңбекақыны көтеруге жұмсалады», - деді А. Шпекбаев.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар агенттіктің орталық аппараты қызметкерлерінің еңбекақысын 60 пайызға көтеруге мүмкіндік берген. Агенттіктің жалпы 147 штаттық бірлігі қысқартылды. Қаржылай 432 миллион теңге үнемделді.

Сондай-ақ, агенттік төрағасы жүргізіліп жатқан оңтайландыруға қарамастан, жұмыс тоқтамағанын айта кетті. Керісінше, қызметкерлер экономикалық тұрғыдан ынталана түскен.

Соңғы жаңалықтар