+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпорындарды дағдарыстан шығару жолдарын түсіндірді

2016 жылғы 21 қыркүйек 15:13
Бөлісіңіз:
ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпорындарды дағдарыстан шығару жолдарын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер кәсіпорынның қарыздары болса, олар банкроттыққа баруға міндетті емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық бақылау департаментінің директоры Ерлан Нұрланбаев мәлім етті.

«Заңдағы негізгі бағыттардың бірі төлем қабілетсіздігін реттеуге арналған. Егер де кәсіпорында қарыздары болса, оған банкроттыққа бару міндет емес. Заңнама аясында борышкерге несие берушімен келісімге келу мүмкіндіктері бар, осы ретте қарызды өтеудің жолдары мен мерзімдері ескерілген. Бұл бағытта екі ай уақыт беріледі. Сонымен бірге тұрақсыздық төлемі есептелмейді және ешқайсы банкроттыққа бере алмайды»,-деп түсіндірді Е. Нұрланбаев заңнамадағы жаңашылдықтарды.

Қол жеткізілген келісім сотпен бекітіліп, борышкер өзінің қызметіне оралады. Несие берушіге қарызды өтеу бекітілген кестеге сәйкес іске асырылады.

Сонымен қатар Заңдағы басқа бір бағыты банкроттықтан кәсіпорынды оңалтуға ауыстыруға қатысты.

«Борышкер кәсіпорынның иесінде өзінің бизнесін қарыздан шығарып алу мүмкіндігі туса да, алайда банкроттық тетіктері іске қосылған кездер болады. Қабылданған заң банкроттықтан оңалтуға көшу қадамдарын қамтып отыр. Осы ретте тек сауықтыру жоспарын әзірлеп, оны барлық несие берушілермен келістіріп, сотқа бағыттау керек»,-деп нақтылады Нұрланбаев.

«Мұнымен қоса, Заңда борышкерге банкроттықтың кез келген кезеңінде барлық қарыз берушілермен бітімге келу келісімін бекіту мүмкіндігі қарастырылған. Бұл тұрғыда жалақы бойынша қарыздар өтелуі тиіс. Сот тарапынан аталған келісім бекітілгеннен кейін борышкерді банкрот деп тану шешімі іске асырылмайды»,-деді департамент басшысы.

Бұдан бөлек, заңнамада банкрот компанияны сату мен оның меншік иесін ауыстыру мүмкіндігі ескерілген. Осы ретте барлық несие берушілер алдында қарыз өтелгеннен кейін кәсіпорын банкроттық кезеңінен шығарылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT