ҚР Мемлекеттік хатшысы Жапонияның Елшісін қабылдады

None
None
ыздың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Сигео Нацуиді қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Жапония мемлекетін Азиядағы маңызды әріптестерінің бірі ретінде қарастыратынын жеткізген Мемлекеттік хатшы, «екі ел қарым-қатынасының дамуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға  өткен жылы жасаған сапары жаңа серпін берді. Атап айтқанда, сапар барысында саяси, экономикалық ынтымақтастық, инвестиция көлемін кеңейту, технологиялық байланыстар бойынша және қарым-қатынастың басқа да салалары тұрғысында маңызды келісімдерге қол жеткізілді», деді.

Кездесу барысында тараптар ҚР Мемлекеттік хатшысының тамыз айының соңына қарай Жапонияға жасайтын жұмыс сапарын талқылады. Айта кетейік, жұмыс сапары барысында Қ. Саудабаев БҰҰ-ның ұйымдастыруымен тамыздың 26-сы мен 28-і аралығында  қарусыздану мәселесі бойынша, яғни бейбітшілік ұранын насихаттау аясында ядролық қарудан бас тарту тақырыбында өтетін конференцияға қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар