ҚР Мемлекеттік хатшысы қазіргі әйелдер қандай болуы тиістігін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астана экономикалық форумына келген шетелдік меймандарға Қазақстан экономикасында әйелдердің рөлі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесін арттыруға назар аударып келеді. Қаржылық салада басшылық позицияларда әйелдердің қызмет етуі бойынша Қазақстан 30 пайыздық шекті еңсерді. Әйелдер шағын және орта бизнестегі 500 мың компанияға басшылық етуде, бұл өз кезегінде жалпы кәсіпорындар санының 43 пайызын құрайды. Нәзік жандылар осы сектордағы жұмыс орындарының үштен бірін құрды», - деді Мемлекеттік хатшы АЭФ аясындағы «Әйелдер көшбасшылығы қазіргі заманға қалай ықпал етеді» сессиясында.

 nullОның сөзіне қарағанда, Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік индексіне сәйкес, Қазақстан 52 орында, ал «Экономикалық қатысу мен әйелдер мүмкіндігі» көрсеткіші бойынша 30-шы орында.

«Бүгінде әйелдер рөлі әлеуетінің өсімі жаһандық әлемнің ілгерілеуімен тікелей байланысты. Ал осыған қол жеткізу үшін жаңа дағдыларды, мамандықтарды меңгеру керек. Бұл ретте БҰҰ тарапы ұсынып отырған төрт басымдыққа мән беру қажет, яғни сыни ойлау, коллаборативтілік, креативтілік және коммуникативтік. Сондықтан да әлемдік сарапшылардың болжамына қарағанда, бүгінде біздің қызметімізді айқындап тұрған  әлемдегі білім мен дағдылардың үштен бірінен астамы 2020 жылға қарай өзгереді», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Соңғы жаңалықтар