+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы өзгертілді

2018 жылғы 13 қыркүйек 09:23
Бөлісіңіз:
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы өзгертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 12 қыркүйекте Эталон орталығында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті басшысы Арман Шаққалиевтің төрағалығымен Ғылыми-техникалық комиссияның отырысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Оған Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК басшылығы да қатысты.

Отырыста «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ҚР СТ 989-2014 стандартына енгізілетін №1 өзгерістерді мақұлдау туралы шешім қабылданды.

Оған сәйкес, ұлттық стандарттың бүкіл мәтінінде «Қазақстан» сөзін латын графикасымен «QAZAQSTAN» етіп өзгерту, сондай-ақ ΔE түстер диапазонын қолдану туралы өзгерістер қабылданды.

Бұдан тыс, Мемлекеттік Елтаңбаның элементтері мен тарихын сипаттауға әдістемелік құралдарға сілтеме, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков жасаған конструкторлық құжаттама қосылды.

Өзгерістерді енгізу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы және өндірушілердің қатысуымен бірқатар отырыстар өткізілді.

Еске сала кетейік, өзгерістерді Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес, арнайы жасақталған Жұмыс тобы әзірлеген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT