ҚР Мемхатшысы Әділбек Жақсыбеков Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Алматыға сапары барысында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында болды.

Мемлекеттік хатшы бүгінде түсірілімнің басынан экранға шығуға дейінгі киноөндірістің толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын жаңартылған сандық және түсіру кешенін, анимациялық студияны және басқа да нысандарды аралап көрді.

Еліміздің жетекші киногерлерімен кездесу аясында кино саласының ағымдағы жай-күйі, киностудияның жаңа жобалары мен отандық кинематографияның келешегі туралы пікір алмасылды.

Соңғы жаңалықтар