+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

ҚР құрамасының бас бапкері гимнастшылардың Әлем кубогындағы өнеріне баға берді

2018 жылғы 19 наурыз 01:32
Бөлісіңіз:
ҚР құрамасының бас бапкері гимнастшылардың Әлем кубогындағы өнеріне баға берді

БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар Бакуде спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Әлем кубогының финалын аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Аталған спорт додасында Қазақстан атынан Нариман Құрбанов, Ербол Жантықов пен Даниил Батурин өнер көрсеткен болатын. Е.Жантықов алтыншы орынға тұрақтаса, Д.Батурин 7-ші орын алды.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Кимнің сөзінше, қазақстандық спортшылар Әлем кубогының екі кезеңінде өнер көрсетті: австралиялық Мельбурнде және Бакуде.

«Мельбурнде Нариман Құрбанов «алтын» алды. Бакуде ол тағы финалға шығып, алайда жеңіске қол жеткізе алмады. Құрама құрамына биыл кірді. Осыған қарай оның тәжірибесі әлі аздау. Біз Дохада болатын бәсекеде ол тағы финалға шыға алады деп үміттінеміз»,-деді ол.

«Е.Жантықов пен Д.Буатурин халықаралық дәрежеге сай өнер көрсетті. Біз өзгелермен емін-еркін бәсекеге түсе аламыз, алайда осы жолы екі спортшы да ырғалып секіруді дұрыс орындамады. Жерге дәлірек түсу керек еді. Егер Е.Жантықов жерге сенімді түскенде үшінші болатын еді»,-деді А.Ким.

ҚР құрамасының бапкері Ерлан Ұзақов осы жолғы Әлем кубогында жаһанның мықты деген гимнастшылары, әлем чемпиондары, Олимпиада ойындарының қатысушылары мен жүлдегерлері шыққандығын айтты.

«Қарсыластар әрине, мықты болды. Біздің жігіттер әлі жас, сондықтан олар болашақта рейтингтерін жоғарылатып, медальға таласатын болады деп үміттенеміз. Содан соң бізге де кей жерлерде жетілдіре түсіп, спортшылардың шеберліктерін шыңдай түсу қажет болады»,-деді бапкер.

Айта кетейік, Бакуде спорттық гимнастикадан Әлем кубогы аяқталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT