+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Көкшетау гарнизонына барды

2019 жылғы 3 қараша 04:29
Бөлісіңіз:
ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Көкшетау гарнизонына барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігінің ақпарттық-түсіндіру тобы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылық етуімен Көкшетау гарнизонына барды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Бакуде ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті Ливандағы қазақстандық бітімгерлер инспекциядан сәтті өтті ҰҚШҰ бітімгерлік күштері бейбітшілікті сақтау бойынша операцияларды орындады

Қорғаныс ведомствосының өкілдері Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің қызмет жағдайларымен және проблемалық мәселелерімен танысты, әскери қызмет, Тұрғын үй және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қажетті заң көмегін және кеңес берді.

Генерал-майор Мұхамеджан Таласов әскерге шақырылушылардың ата-аналарымен кездесіп, өздерін көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді. Ол қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы подполковник Руслан Қасымовтың әскери қызметшілердің тәртіп, әлеуметтік-тұрмыстық және тұрғын үй жағдайы, бөлімшедегі моральдық-психологиялық ахуал, бар мәселелер туралы баяндамасын тыңдады, сондай-ақ ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді.

Дәл осы күні Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында «Ел тірегі» республикалық акциясы аясында еліміздің оңтүстігіндегі Сарыөзек кентінің әскери бөлімінде Қарулы күштер қатырында борышын өтейтін әскерге шақырушыларды шығарып салу рәсімі өтті.

Сонымен қатар, тағы бір салтанатты шара өтті. Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары ант қабылдап, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілерінің қатарына кірді.

ҚР ҚМ ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы аясында әскери қызметшілер мен олардың отбасылары үшін Орталық әскери оркестр мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ансамблінің концерті, қоян-қолтық ұрыстан және құрметті қарауыл ротасының көрсетілімдері ұйымдастырылды, сондай-ақ «Сарбаз» әскери-патриоттық газеті мен «Айбын» журналы таныстырылды.












Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT