+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында зымыран сынығының құлауына байланысты түсінік берді

2020 жылғы 11 қаңтар 14:35
Бөлісіңіз:
ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында зымыран сынығының құлауына байланысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі жоспарлы оқу-жаттығулары кезінде құлаған зымыран сынығына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы әскери жоғары оқу орнында курсант мерт болды Агенттік әскерилердің бюджет қаражатын жымқыру схемасын айтты Қарағандылық құтқарушылар әскери қызметшілер үшін оқу-әдістемелік жиын өткізді

«2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес, ҚР аумағындағы полигонды жалға алған РФ Қорғаныс министрлігі сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығулары уақытында бір зымыранның сынығы белгіленген орындардан тыс жерге құлауы орын алды. Жарылыс болған жоқ. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы зымыран сынығы құлаған аумақта зардап шеккендер мен нысандардың қирауы жағдайы тіркелмеді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлінің ресми сайтындағы мәліметте.

Осы орайда ведомство тұрғындар үшін жағдай қауіпті еместігін нақтылады.

«Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді пайдалана отырып, зымырандарды ұшыру оқу-жаттығуларды өткізудің жылдық жоспарына және кестесіне сәйкес жүргізілді. Оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК қызметі жұмыс істеуде, полиция қызметкерлері зымыран сынығы құлаған ауданды оқшаулады. Осы келісімге сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы мән-жайды және себептерді анықтауды жүргізетін болады», - деп атап өтілген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT