ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтауда теңізшінің көз жұмғанын растады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтауда теңізшінің көз жұмғанын растады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әскери қызметшінің қайтыс болуына байланысты 29011 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бағдат Мыңбаев марқұмның туыстарына көңіл айтып, тергеу жүріп жатқанын мәлім етті.

Бұған дейін БАҚ-та теңізші Ақтаудағы кемеде өлі табылғандығы туралы хабарланған болатын. Қайғылы оқиға Жаңа жыл түнінде «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кемесінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұмның жасы -18-де. Оны жеке құрамның гальюнінде (кеме әжетханасы) белбеуіне асылып қалған.


Соңғы жаңалықтар