+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

ҚР Қорғаныс министрі Бейжің форумында сөз сөйледі

2019 жылғы 22 қазан 21:43
Бөлісіңіз:
ҚР Қорғаныс министрі Бейжің форумында сөз сөйледі

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары жалғасуда. Ол «Сяншань» қауіпсіздік мәселелері бойынша IX Бейжің форумында сөз сөйледі. Бұл туралы ҚазАқпарат минисліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

Форумның пленарлық отырысындағы баяндамасында қорғаныс ведомствосының басшысы қару-жарақ пен жаһандық қауіпсіздікті халықаралық бақылау жүйесіне қатысты ой-пікірімен бөлісті.

«Тәуелсіздік жылдарында еліміз көршілік пен ынтымақтастық белдеуін құрды, Азиядағы сенім шаралары мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрылуына бастама танытты, ШЫҰ құрылтайшыларының біріне айналды. Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз жолдарын кіріктіру жөніндегі жұмысты біртұтас етіп жалғастыруды қажет деп санаймыз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай «бүгін біз өкінішке орай, әртүрлі екіжақты альянстардың, өңірлік және субөңірлік институттардың алуан түрін көріп отырмыз», - деді ол.


Министр ғарышта, Әлемдік мұхит пен Арктикадағы бейтарап суларда қару-жарақты орналастыруға тыйым салу туралы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифестінде атап өтілген Елбасы бастамаларының маңыздылығын, сондай-ақ жаппай жою қаруының жаңа түрлерін құру үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салу туралы атап өтті.

«Өңірлік және жаһандық тұрақтылық көбінесе келісілген іс-қимылдарымызға байланысты болады. Сондықтан бірлескен шешімдерді іздестіру және теріс үрдістер мен қауіп-қатерлерге тойтарыс беруді тереңдету қажет», - деп Нұрлан Ермекбаев ойын түйіндеді.

Қытайға жұмыс сапары барысында министр қытайлық әріптесі ҚХР ұлттық қорғаныс министрі генерал-полковник Вэй Фенхэмен кездесті.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери саладағы екіжақты ынтымақтастық бағыттарын, бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу, кадрларды дайындау, сондай-ақ әскери-техникалық өзара іс-қимылды талқылады. Министр қытайлық әріптесін Бейжің форумына қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдірді.

Одан басқа, Қорғаныс министрі «CATIC» қытай ұлттық аэроғарыш импорттық-экспорттық корпорациясына және қосалқы бөлшектерді сақтауға арналған автоматтандырылған қоймаға барды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT