ҚР Қорғаныс министрі АҚШ генералын қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов АҚШ Орталық комитетінің қолбасшысы генерал Кеннет Маккензиді қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Кеннет Маккензи кездесті.

Тараптар Ауғанстандағы жағдай мен өңірлік қауіпсіздікті, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастықты, оның ішінде бітімгершілік қызмет шеңберіндегі мәселелерді талқылады.


Соңғы жаңалықтар