ҚР Конституциясы нақты қол жеткізілетін мақсаттарға негізделген - И. Рогов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің Ата Заңымыз нақты қол жеткізілетін мақсаттарды айқындайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов мәлім етті.

«Қазақстан Конституциясы нақты қол жеткізілетін мақсаттарға негізделіп отыр. Сонымен қатар Ата Заңда бекітілген құқықтар қоғамның, мемлекеттің мүмкіндіктеріне негізделген»,-деп тоқталды И. Рогов.

Осы ретте ол Қазақстан мемлекеттің барлық атрибуттарымен егеменді және тең құқылы мемлекет ретінде қалыптасқанын, Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіргенін, енді «Қазақстан-2050» Стратегиясымен  дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатына жетуге ілгерілеп келе жатқанын атап өтті.

«Ата Заңды құрметтеу, конституционализм идеялары мен қағидаларына шынайы берілгендік, оларды жаппай қолдау - мемлекет алдында тұрған жоғары мақсаттарға жетудің кепілі болып табылады. ҚР Конституциясымен белгіленген бағытта мүлтіксіз жүру қажеттігі жыл сайын қоғам санасына көбірек сіңірілуі тиіс»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар