ҚР Конституциялық Кеңесінің елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Конституциялық Кеңесінің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауы тыңдалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздігінің 30 жылдығымен ерекшеленіп отыр. Ұлы Дала елінің дербес мемлекеттілігін қалыптастырудағы шешуші қадамдар еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы НұрСұлтан Назарбаевтың бастауымен 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданған қолданыстағы осы Конституция аясында жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «осынау толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының һәм халқымыздың даналығы мен парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік», - деді Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми.

Оның айтуынша, жақында бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары, Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы тиісті мңндеттерді шешуге қызмет етеді. бекітілді. Бұл құжаттарды іске асыру қазіргі кезеңнің сын-қатерлерін еңсеруге бағытталған және орта мерзімді перспективада, халықтың тұрмыс сапасы мен табысының шынайы артуымен қоса жүретін, елдің орнықты және сапалы экономикалық өсу жолына бағыт алуын қамтамасыз етуге арналған.

«Мемлекеттік егемендіктің негізгі діңгектерін айқындауда және іске асыруда Конституциялық Кеңестің шешімдері маңызды рөл атқарады. Конституциялық Кеңестің қаулыларында елдің конституциялық құрылысының негіздері, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Республика Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің мәртебесі мен өкілеттіктері, билік тармақтарының өзара қарым-қатынасы, заң шығару процесі, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті мен қызметінің мазмұндары жан-жақты түсіндірілді», - деді Қайрат Мәми.

Конституциялық Кеңес елде құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту жөнінде нақты ұсыныстар енгізді.

«Конституциялық Кеңестің шешімдерін орындау процесі жалғасуда. Республика Президенті мәлімдеген және жүргізіп отырған қоғам мен мемлекетті одан әрі демократияландыру бағыты конституциялық бақылау органының рөлін арттыруды және Конституциялық Кеңес туралы заңнаманы жетілдіруді талап етеді.

Азаматтардың конституциялық бақылауға қол жеткізуін кеңейту қажет.

Бұл бағытта соттардың Конституциялық Кеңеске өтініш жасау тәртібін, тараптардың қолданыстағы заңның конституциялығын тексеру туралы өтініштерін қарау тәртібін оңтайландыру өзекті. Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы бұл мәселелер бойынша оң қорытындысын берді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар