+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

ҚР колонияларындағы сотталушылардың 60% астамы жұмыспен қамтылды

2016 жылғы 31 қазан 09:51
Бөлісіңіз:
ҚР колонияларындағы сотталушылардың 60% астамы жұмыспен қамтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колонияға бизнесті тартуда республиканың пенитенциарлық жүйесі заманға сай жұмыстар атқаруда. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚАЖ комитетінің алқа мәжілісінен мәлім болғанындай, металл өнімдерін, кеңсе және мектеп жиһаздарын, құрылыс материалдарын, тігін және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен қатар, мекемеде биыл іске қосылған жаңа өндіріс түрлері де дамып жатыр.
Бірінші кезекте, құс шаруашылығы, кондитерлік өнімдер дайындау және дезинфекциялайтын құралдар шығару», - деп атап өтті республикалық пенитенциарлық жүйе мекемесінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстарының ҚАЖ мекемелерінде бизнесті тарту бойынша оң нәтижелер байқалды. Қазіргі уақытта 174 жеке кәсіпкер республиканың ҚАЖ жүйелеріндегі тұтқындарын жұмыспен қамтып, өндірісті табыспен дамытып жатыр. Мәселен, 2016 жылы Павлодар облысының екі колониясында қосымша жабынғылар шығару ағаш өңдеу ашылды.

Ал Ақмола облысының ЕЦ-166/25 мекемесінде шағын архитектуралық қалыптар әзірлеу секілді өндірістің жаңа түрі игерілді. Бұл қалыптар құрылыс нысандарын тапсыруда балалар алаңқайы мен спорттық алаңдарға міндетті түрде орнатылады. «Одан бөлек, 21 сотталушы (Қызылорда, СҚО, Маңғыстау және ШҚО) жеке еңбекпен айналысады», - деп толықтырды ҚАЖ комитеті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT