ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының үш орынбасары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының үш орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет төрағасының жаңа орынбасарлары Талғат Мамаевты, Өмірзақ Бейспековты, Жайдар Іңкәрбаевты ұжымға Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев таныстырды.

Мамаев Талғат Шәриұлы 1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. 1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі - шет тілдері білімі бар экономист.

Салық жүйесінде 2005 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс атқарады. Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы, басқарма басшысы, төраға орынбасары қызметтерін атқарды. 2008 жылдан 2012 жылға дейін - Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің басшысы, 2012 жылдан 2014 жылға дейін - Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің басшысы, 2014 жылдан 2017 жылға дейін - Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017 жылдан осы уакытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры болды.
null

Өмірзақ Көбегенұлы Бейспеков 1963 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Қарағанды облысының ішкі істер органында 1984 жылдың тамыз айынан бастап 1994 жылдың желтоқсан айына дейін қызмет етті.

Кеден органдарында 1994 жылдан бастап жұмыс істеді.

Әртүрлі кезеңде кеден бекеттерінің басшысы лауазымдарында «Қайрақ», «Майқапшағай», «Достық» кеденінде, Алматы, Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысы болып қызмет етті. 2010 жылдың мамыр айында ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төраға орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылғы 17 ақпаннан - ҚР Беларусь Республикасындағы елшілігінде кеңесші, 2018 жылғы 4 қазаннан - Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
null

Жайдар Дабырұлы Іңкәрбаев 1977 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Алматы қаласы Медеу, Әуезов аудандары бойынша салық басқармаларының басшысы, Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің төрағасы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары, 2018 жылғы 19 ақпаннан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар