ҚР ҚМ Құрлық әскері институтының өкілдері АҚШ-қа аттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Құрлық әскері институтының өкілдері АҚШ-тағы «Вест-пойнт» әскери академиясы өткізіп жатқан семинарға қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы ОҚК-ның ресми өкілі Оксана Лоскутова Астана мәлім етті.

Оның сөзінше, ҚР Қорғаныс министрлігі Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өзара іс-қимыл жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссияның 15-ші отырысын өткізбек. Отырыстың қорытындысы 5 шілде күні шығады. Сонымен қатар, ОКҚ өкілі Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің шетелге сапары туралы айта кетті.

«Қорғаныс министрлігінің  құрлық әскері институтының өкілдері «Вест-пойнт» АҚШ-тың Армиясының әскери академиясындағы көшбасшылық және басқару жөніндегі семинарға қатысу үшін аталған елге ат басын тіреді», - деп хабарлады Оксана Лоскутова.

Соңғы жаңалықтар