+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

ҚР ҚК Бас штабының бастығы НАТО әскери комитетінің отырысына қатысты

2014 жылғы 22 қаңтар 20:07
Бөлісіңіз:
ҚР ҚК Бас штабының бастығы НАТО әскери комитетінің отырысына қатысты

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Брюссель қаласында НАТО әскери комитетінің жыл сайынғы отырысына қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі елдері форматында НАТО-ға мүше елдер мен әріптес елдер бас штаб бастықтарының деңгейінде өтті. Тараптар өткен жыл ішіндегі ынтымақтастық нәтижесін және «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберіндегі өзара іс-қимылдың перспективаларын, сондай ақ өңірлік және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.

«Қазақстан - біздің көпвекторлы саясатымыздың маңызды құраушысының бірі және ұлттық және өңірлік қауіпсіздік жүйесіне үлес қосатын НАТО-мен ынтымақтастыққа үлкен мән береді», - деп Сәкен Жасұзақов НАТО әскери кеңесінің төрағасы генерал Кнуд Бартелспен кездесу барысында атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Ауғанстанның тұрақты дамуы үшін халықаралық қауымдастықтың салып отырған күш-жігерін талқылады.

Қазақстан қазіргі уақытта Ауғанстанға гуманитарлық салада және білім беру саласында көмек көрсетуін жалғастыруда. Жыл сайын 200 ауғандық студент Қазақстанда бакалавриат бағдарламасымен инженер, педагог, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салалары мамандықтары бойынша білім алуда.

Бұдан басқа, Қазақстан Ауғанстандағы Қауіпсіздікке қолдау көрсету халықаралық күштеріне жер үстімен және әуемен жүк тасымалдау үшін аумағын ұсынып отыр.

Сондай-ақ Брюссель қаласындағы НАТО әскери комитетінің отырысы шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бастаған әскери делегация Түркиядан және Ұлыбританиядан келген әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрлігінің армия бітімгершілік әлеуетін көңіл бөлетінін атап өтті. ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жыл сайын бітімгершілік оқу-жаттығуларға қатысып келеді.

Бұрын хабарлағанымыздай «Дала қыраны-2013» халықаралық оқу-жаттығуы қорытындысы бойынша НАТО сарапшылары «Қазбат» бітімгершілік батальонына жоғары баға берген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT