ҚР Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғосман Әмрин жұмыс сапарымен Алматыда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Кедендік бақылау комитеті мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында кедендік бақылауды халықаралық стандарттарға сай оңтайландыру жайлы келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы Алматы қалалық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғосман Әмрин Алматыға жұмыс сапары барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен уәкілетті экономикалық операторлармен кездесті. Кездесу барысында Қытайдан жеткізілетін тауарды бақылау мәселелесі талқыланды. «Уәкілетті экономикалық операторлар институты әлі де жетілдірілуі қажет. Кедендік органдар мен уәкілетті операторлар арасында серіктестік пен сенімді қатынас тетігі керек. Олардың сыртқы экономикалық қызметі мөлдір болуы қажет», - деді Ғ.Әмрин. Қазақстанның тәуелсіз УЭО қауымдастығының президенті Жәнібек Боқаев Қытай Халық Республикасынан келетін тауарлармен жұмыс істеу тетіктерін таныстырды. Мамандардың айтуынша, кедендік бақылауды оңтайландыру шекара арқылы жүктің өту уақытын азайтуға, кедендік тазалау процесінің жылдамдығын әрі сыртқы сауда айналымының көлемін арттыруға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, жұмыс сапарының бірінші күні ҚР Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғосман Әмрин Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің ұжымымен де кездесті.

Соңғы жаңалықтар