ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде жаңа тағайындаулар болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі мен Ахуалдық орталығының меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен:

ШЕШІМДЕР

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне;

Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар