ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

***

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімдерімен:

Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары;

Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі;

Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен;

Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.


Соңғы жаңалықтар