ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңес киберқауіпсіздік мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралған отырыс барысында Президент көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров ұлттық қауіпсіздік ұстанымы тұрғысынан кибер-кеңістікті дамытудың негізгі мәселелерін айқындап, мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарына назар аударды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы кибер-технологияларды дамыту және мемлекет пен қоғамның тіршілігіне енгізу үдерісінде пайда болатын заманауи қатерлердің спектріне талдау жасауға, сондай-ақ жаңа жағдайдағы мемлекет қорғанысын қамтамасыз етудегі қазіргі тәсілдерге де ерекше назар аударды. Сарапшылық кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдар басшылары пікір алмасу барысында киберкеңістіктің аса маңызды мәселелерін, соның ішінде киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту, оны заңнамалық қамтамасыз ету, кибер-технологияларды милитаризациялау, жабдықтар өндірісі мен бағдарламалық қамтамасыз ету, мамандарды даярлау мен кадрлық жұмыс жайын қарастырып, талқылады. Сарапшылық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша Қ.Қожамжаров киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың ұзақмерзімді стратегиялық көрінісі мен кешенді тәсілдеріне назар аудара отырып, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымының нақты міндеттерін айқындады.

Соңғы жаңалықтар