+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Атыраудағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

2019 жылғы 16 қазан 19:12
Бөлісіңіз:
ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Атыраудағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Атыраудағы медицина қызметкерлерінің жағдайына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте алдағы жылы 1045 дәрігер білімін жетілдіреді Елжан Біртанов дәрі-дәрмек сапасын тексеру жайында айтты СҚО: Денсаулық сақтау жүйесінде сатып алу алғаш рет электронды форматта жүргізілді

«Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы Атыраудағы перинаталдық орталықта нәрестесінен айрылған отбасына тағы да қайғырып көңіл айтады. Бұл факт қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазір айыптылар қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істеуде. Бұл істе соңғы нүктені тек сот қана қоя алады»,-делінген хабарламада.

Осы жағдайға байланысты қоғам сынына медицина саласының барлық қызметкерлері ілікті. Бұл оқиға туралы ақпарат БАҚ арқылы таралып, қоғамды дүрліктірді. Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, медициналық мекеменің 31 қызметкері өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыз жазуға және ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдауға мәжбүр болды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Халқына Жолдауында толық көлемде сақталуы міндетті кінәсіздік презумпциясы туралы өз пікірін білдіріп, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау мәселесі айрықша бақылауға алыну маңыздылығын атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы Атыраудағы жағдайды бірінші күннен бастап бақылауда ұстап отыр және өз миссиясына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы мен басқа да атқарушы органдарға денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқығын бұзатын шараларды қабылдаудан бас тартуға шақырады.

Федерация бұл азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғауды одан әрі жалғастырады. Мұндай міндет федерацияның аумақтық бөлімі мен мемлекеттік қызметкерлердің салалық кәсіподағының алдына да қойылып отыр.

«Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы мемлекеттік және атқарушы органдардың тарапынан алдын-ала жасалған айыптау мәніндегі мәлімдемелер орынсыз екенін және жұмысшылардың, мемлекеттік, азаматтық қызметкерлердің конституциялық құқығының қорғалуына күмән келтіретінін атап өтеді.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы барлық азаматтық қоғам мен мемлекеттік басқару институттарын әлеуметтік шиеленіс пен уәкілетті органға БАҚ арқылы да қысым жасауға алып келетін іс-қимыл үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін есте сақтауға шақырады»,-делінген мәлімдемеде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT