ҚР Кәсіпқой бокс федерациясы Головкин мен Елеусіновке қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Данияр Елеусіновтің Головкин жекпе-жегінде өнер көрсетпеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

«Мен бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын. Головкинді қандай да бір құйтырқы әрекеттер жасады деп ойлау дұрыс емес, өйткені ол өзі Қазақстанда туып-өсті. Мен осы тұрғыда Головкин мен Елеусінов арасында қандай да бір түсінбеушілік бар дегенге сенбеймін. Және істі нақты білмегеннен кейін оған қатысты бірдеме айта алмаймын», - деді Виктор Демьяненко.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Данияр Елеусінов Головкин жекпе-жегінде өнер көрсетпейтінін хабарлаған болатынбыз.

Елеусінов 8 маусымда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) - Стив Роллс (19-0, 10 КО) бокс кешінің андеркардында рингке шығатыны белгілі болған еді.

Боксшының менеджері Зия Алиев Sports.kz-ке берген сұхбатында, Елеусіновтың 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар