25.05.2023 14:08 Ерғали Мерзадинов Қаржылық мониторинг агенттігі академиясының ректоры болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жанындағы «AML ACADEMY «Қаржылық мониторинг академиясы» АҚ-ның ректоры болып Ерғали Мерзадинов тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
24.05.2023 10:11 «MetaGo-мен криптовалюталық табыс»: Өңірлерде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің үш қаласында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
22.05.2023 10:00 Қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізімі жарияланды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы пирамидасы ретінде қызмет көрсетеді деген күдікке ілініп, сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
17.05.2023 11:01 Antares қаржы пирамидасын құрып, 50 млн теңгені қалтасына басқан әйел 6 жылға сотталды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Пирамида ұйымдастыру фактісін Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.05.2023 15:40 Фермерлердің атынан субсидия алып келгендер әшкереленді АСТАНА. ҚазАқпарат – Фермерлердің атынан субсидия алып келген адамдар тобы әшкереленіп, қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне (ҚМА) сілтеме жасап.
12.05.2023 10:41 Қазақстанға АҚШ-тан пошта арқылы есірткі жеткізбек болғандардың ісі әшкереленді АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір топ адам Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы есірткі әкелуге әрекет еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11.05.2023 19:40 Дастан Бөкешов - Ақмола облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жаңа басшысы КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Дастан Балтабайұлы Бөкешов Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.05.2023 17:14 Нұраби Төлеутай Қарағанды облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментіне басшы болды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Нұраби Рашидұлы Төлеутай Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10.05.2023 15:46 Алматыда құмар ойын ұйымдастырушылар ұсталды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ставкалары мен ақшалай ұтыстарды көздейтін құмар ойын (астыртын казино) түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.04.2023 12:34 Chia Tai Tianqing пирамидасын құрған күдікті Қытай азаматы елден қашып кетті АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан аумағында «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.04.2023 10:53 Қызылорда тұрғыны принтерде басып шығарылған 20 мың теңгелік жалған ақшаны өткізді деп айыпталды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу фактісі бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтап, іс материалын сотқа жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25.04.2023 19:37 Қарағанды облысында жұмыртқаны қымбаттатқан делдал жауапқа тартылды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жұмыртқаның қымбаттауына себепкер болған делдал жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
24.04.2023 16:34 Қазақстан арқылы Ресей астығын Өзбекстанға экспорттағандар ұсталды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қазақстан арқылы Ресей астығын Өзбекстанға экспорттаған адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
21.04.2023 20:20 Өзенмұнайгаз бен «БерАли» компаниясында аса ірі көлемде ақша жымқыру бойынша тергеу жүріп жатыр АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС-да ұрлық фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.04.2023 12:43 HAS Holding қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың қылмыстық схемасы тергеліп жатыр ПАВЛОДАР.ҚазАқпарат - «HAS Holding» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың заңсыз әрекетін Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысындағы департаменті тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20.04.2023 15:25 Алматыда қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы ұсталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті Chia Tai Tianging қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.04.2023 09:45 Қарттардан 12 млн теңге жымқыру күдігімен Ұлытау облысындағы мекеме басшысы ұсталды ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Ұлытау өңіріндегі әлеуметтік мекеме басшысы мекемеде тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаумен айналысқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінен (ҚМА) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13.04.2023 09:20 Екібастұздағы «Богатырь Көмір» серіктестігі орта буын басшыларының қылмысы ашылды ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекетін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
10.04.2023 15:48 Талдықорғанның супермаркеттерінде саудаланған картоптың 70% тұтынуға жарамсыз – ҚМА АСТАНА. ҚазАқпарат – Талдықорғанның ірі супермаркеттерінде саудаланған картоптың 70% сапасы төмен. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының өнім сапасына жүргізген мониторинг барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.04.2023 12:15 Алматыда бір топ адам 10 мың теңгелік жалған банкноттарды өткізіп келген АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.